Аранын ашып тұрған қауіп-қатер; біреудің дайындап қойған қастандығы. ~ Елдің осы щарасыз хәлін Кіші жүздің ақыны Қайырлы былайша жырлаған еді: “Айқайдан қашқан ақ бөкен, Қашып қайда құтылар. Құрулы қақпан жатқан соң? Жылқыдан шыққан қашаған, Қашып қайда құтылар, Мойнына бұғау батқан соң?” БАҚ. ~ … іздерді шатастырып жібере алғанның өзінде, осыдан он жыл бұрынғыдай әрбір сұрағы құрулы қақпан адамның алдында отыруға тиістіліктің өзі. Ф.Мор. ~ Құрулы жолыңдағы мен бір қақпан. Діңкеңді тырп еткізбей құртатұғын. Пәридә. Өлмеңіз, әкетай! Дайрабай. Жауап-ақ! Арман. Іркілме, Әбілбек! Ә.Тәж.
