Posted in

ҚҰРЫҒЫ ЖЕТПЕДІ (ЖЕТПЕЙТІН)

Шамасы келмеді, ықпалы жүрмеді, қолы жетпеді. ~ Ол бұл елден шығып кеткен бiр шығай. Елдiң де, Базаралының да оған құрығы жетпей қалған. Не iстеп, не қойып жүргенiнде бiздiң ортағымыз жоқ. М.Әу. ~ Ол ел Ақ патшаға қарайды ғой, ұлықтың құрығы жете қоймас. Қ.Жұм. ~ Сонда бұл маңайдағы мұсылман баласында оның құрығы жетпей жүрген тек осы башқұрт арасы ғана. Ә.Кек. ~ Тым әріде, көз нұры, көңіл құрығы жетпейтін тым әріде қалған бейшара бір сағыныш жүрегінің түбін әлсіз түртіп, онсыз да қаусағалы тұрған әдіре қалғыр ит жанын күйзелткендей болды. Т.Әбд. ~ Ауғанстанның арғы-бергі жағында ақ патшаның құрығы жетпейтін Жиделі-Байсын дейтін жер бар, соған өту керек десті … М.Мағ. ~ Арқа жерінде сегіз өкірігтің не үшін құрылғанын бізден бұрын түсінді. Тоқа, Алтын, Алтай, Уақты ертіп патша құрығы жетпейтін Бестаңбалы жеріне қарай көшті. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *