Posted in

ҚҰРЫҚҚА СЫРЫҚ ЖАЛҒАДЫ

Шын сөзге өтірік қосып, лепіртіп жіберді; түймедейді түйедей қылды. ~ «Шыңғыстың баласы сондай досының малына пышақ жұмсапты» деген қауесет тарайды да, «құрыққа сырық жалғап» дегендей, өсекшілер, әсіресе дұшпандар бұл кеңесті өсіріп әкетіп, бір марқаны мың марқа қылудан қашпайды. С.Мұқ. ~ Сiз әлем мойындаған әдебиетшiсiз. Алматыда қолға түспейсiз, Мәскеуде көргенiмiзге қуаныштымыз! – деп алғашқы тосты алып қойдық.Әнуар да құрыққа сырық жалғап, өтiрiктi шындай, ақсақты дыңдай қып қиюластырды. К.Әм. * Үйлі-баранды секілді ғой, қайдан бұған құсы түссін-ау… Үмітін үзейін десе де, құрыққа сырық жалғағандай, бір ойды бір ой қуалай, өз әнінде айтқандай, күндіз күлкі, түнгі ұйқыдан қалып, күрсінумен күн артынан күн кешті. Ш.Құм. * Сенесің бе, абақтыда жатқан Әбітайға тамақ апаруға қорықтым ғой. Әлгі капитан құрыққа сырық жалғап жүрсе қайтем деген ой келді. К.Қаз. ~ Әрқайсысы қолдарымен ұстап, көздерімен көрмесе де еріктерінен тыс оның әдемілігін, мінезге байлығын мойындайтын да қаралауға тырысатын. Олары жинала келе, «көріпті», «солай дейді ғой»
— сияқты гу- гу өсекке айналып құрыққа сырық жалғанып жатқаны анық. М.Сүн. ~ – Құрыққа сырық жалғап, түймедейді түйедей етіп, несіне қызыл өңештенесіңдер?! Бұл тақуа комиссар сонау күншығыстағы Аралтөбеге көз алартуда деп естімедік
пе? Ұ.Досп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *