Қолын қақпады, еркіне жіберіп, қолдау көрсетті. ~ Бұл жайын Оразбай жасырмапты. Оспанға жеткізетін кісілер арқылы ашу сөздер айтқан. Оспан болса, Оразбай мен оның айналасындағы ұрыға құрық беріп және сонымен байлықтапқан бірнеше жуан-содырды шет елмен ақылдастырмақ еді. М.Әу.~ Іргелес елдің арасында ертеден келе жатқан жанжал, барымтаның ақыры ұрлыққа айналған. Бірінің малын бірі ұрласып жатады. Ұрыларға құрық берген ру басшыларының өзі. Ғ.Мұст. ~ Енді тырс еткен үн шығармай, “е” дескендей жаба қойысты. Осы түнде Әзімқан төре ойға келмес сұмдыққа өз қолымен құрық берді. М.Әу. ~ – Шариғаттың шын бәлесін түпке сақтапты ғой. Бұл шариғат та айлаға құрық бере беретін болды ғой. О да Құнанбайдың қойны-қоншында десейші, – деді. М.Әу. ~ Қашама Тәкежанның жерi екен. Сүйтiп келсек, Серiкбайды Тәкежан бiздiң көзiмiзге көрсететiн емес. Шаң тигiзетiн емес. “Жатақ тантырамасын, Серiкбай да өздерiңдей жоқ-жiтiктiң бiрi. Оған мен болысамын. Жатағым, кем-кетiгiм деп болысамын” деген боп, жарлының жасақшысы бола қалыпты. Серiкбай деген итi, сүйтсек, Тәкежанның өзi сүйеп, өзi құрық берiп.жүрген ұрысы деседi. М.Әу. ~ Қасындағы айлашыл, алаяқ билер Оразбайға еміне, исіне қарап қапты. — Бүгінгі игі жақсыны ауылыңа жиып алып, осылайша басқа соқ! Абыройын төк! Бет жырт, уә, перде жырт! Балаға да, малшы-жалшыға да құрық бер!.. Бұза бер!— деп, қолын бір-ақ сілікті. М.Әу.
