Нақты мазмұны, құны жоқ сөзбен жарылқау. ~ Қ а с б о л а т. Иә, қатты кеткенім рас. Құрғақ қасық болса да жарқылдап жылы шырайымды берсем — ескі жолды жаңартып қайта табыссаң… Ал, оның Қоспанға түк пайдасы жоқ, тек маған зиян. Т.Ахт. ~ Шүкірқұдық басына келгелі үш жерден бұрғы салынды. Ең алғашқысы ауыз жыртатын құрғақ қасық боп шықты. Ғ.Слан. ~ Сөз жоқ, олардың бәрі де, арнайы шақыру болса, және құрғақ қасық емес, отанына қайтып келетін шын оралман ретінде тиесілі қаражатпен қамтамасыз етілсе, сырт жақта бір күн де тұрмайды. М.Мағ.
