Негізсіз, жалаңаш бос қиял. ~ Қыз өкпелеп қалған секілді. – Сен сол, баяғы… онжылдықты біретін жылғы Мұратханнан аумайсың! Көкірегің толған арман, құрғақ қиял. Қ.Жиен. ~ Қарымым ұзарып, күш-қуатым арта түседі. Күнкөріс жайына алаңдамайсың, кітап шығару мәселесі өзінен өзі шешіледі. Бірақ құрғақ қиял – асса парықсыз түске ғана айналады. Парықсыз ғана емес, қисынсыз түс. М.Мағ. ~ Бiлемiсiң, Мұқан, мен бос арман, құрғақ қиял жетегiнде ұзақ адасып жүрдiм. Ж.Шағ. ~ Солай де, Жанахметім. Менің наныңқырамай тұрғаным. Құрғақ қиял емес пе, а? Экономиканы, әл- ауқатты шұғыл өрге бастыру бір- екі жылдың шарасы емес. К.Хам. ~ Өмірде өшпес із қалдырамыз, өлмес сұлулық іздейміз деп көкке телміріп, құрғақ қиял еміп келіппіз. Ә.Асқ.
