Әлдебір қасиеттен кем емес д.м. ~ Кезі келгенде Сүлекең мақтана салудан бұрын да құр алақан емес еді, қазір бұл мінезі өте-мөте көзге түсетін дәрежеге жеткен екен. Х.Ес. ~ Ал мына Ұлжанды алайық, қарапайым, ақкөңіл, юмордан да құр алақан емес, Сәрсенбайдың құрдастарымен қалжыңдасқанда түбін түсіреді. Ә.Тар. ~ Ол барлық нәрсені, тіпті өзінің болашағын да келемежге айналдыратын; өмір бойы ақшадан тарығып жүреді; іскерлік қабілеттен құр алақан емес адамдардың бәрі сияқты, ол да ұйқысы ашылмас жалқаулықтан арылмайтын. О.Бальз. ~ Осы Жарлығас ауылы колхоз боп, одан совхозға айналғалы бері қорықшылардың үстінен қарайтын, ептеп белсенділіктен де құр алақан емес еді. Қ.Ысқ. ~ Ұйықтағанда қорылға басатын талай сығайды көріп едім. Өзім де одан құралақан емеспін. Ал дәл мына екеуіндей қорылдағыштарды көрсем, көзім шықсын. Б.Соқ. ~ Бірақ сезімнен құр алақан да емеспін – бүйірімде қыбырлап қойып, ұйықтап жатқан осы. Т.Ахт. ~ Ақтала ма, жоқ па, оны менен неге сұрамайды? Мен де құр алақан адам емеспін. Жоспар дегеніңізді жыл сайын орындаймын. Бар өмірімді соған бағыштаған адаммын. Ш.Айт.
