Дәнеңесіз, ештемесі жоқ, бос барды (бос қайтты). ~ Бірақ, мұны елеп, шақыру қағазын жіберген соң, қыз ұзату тойына құр алақан баруды ұят көрді де, осы, бір сиырдың сүтін бір өзі беретін дәу қара ешкіге көзі түсті. Ш.Мұрт. ~ Бірінші сауалды есіңе түсірші: сөзбе-сөз болмағанмен, оның мәні мынадай: “Сенің дүнияуи тірлікке кеткің келеді және де оған құр алақан бармақсың, қайсыбір еркіндіктің уәдесінен өзге түгің жоқ… Ф.Дост. ~ Жұма күні кассир әйел еңбек ақы алуға барып, құр алақан қайтады: банк айыпқа деп орман өнеркәсіп шаруашылығының ақшасын ұстап қалады. В.Расп.
