Атына заты сай емес д.м. ~ Шеттеп жүрген біз болсақ, қосылдық, енді алалық жоқ. Жалғыз-ақ айтатын сөз мынау: құр аты сиез болмай, сиез сыйақты болсын; қазақ сиез жасады деген соң, сиезде сөйлескен сөзімізге күкімет құлағын сала ма, салмай ма (ол былай тұрсын), қазақ сиезінде не сөйленді екен деп күкіметтен басқалардың құлақ салатыны болар. А.Байт. ~ Оқуды керек қылмай жүрген қазақтар оқу керек нәрсе екенін бұл күнде білмей тұрған жоқ, бірақ оқудың жөнді болатын мәнісін, ретін білмейді. Көбіне оқытты деген құр аты болса, соған қанағаттанады. Қалай оқытып, не білдіріп жатқанымен жұмысы жоқ. А.Байт. ~ Кемпірдің жоқ қуаты, Не ғылымнан сауаты, Тірі деген құр аты, Кәрі шалды күте алмас… Шәк. ~ Оның орнына үстіндегі қара көк бастон костюмінің түрінен адам шошынарлық. Бір кездегі бастон костюм деген құр аты. Қыртыс – қыртыс, көптен өтектелмеген. І.Ес.
