Құр кетті, дәм татпады. ~ Тасқара (өзара ымдасып). Қап, құр ауыз кеттіңіз – ау. Сырт киіміңіз ұлыққа ұнамсыздау екен. (Иығына қара құлын жарғақ әкеп жабады.) Ғ.Мұс. ~ Қарағым, ет асайық, тоңып келдіңдер ғой, — деп қипақтап еді: — Рахмет, қазір жүреміз, — десті жолаушылар. Құр ауыз кетесіңдер ғой. Неге асықтыңдар? С.Мұқ. ~ Ол кезде Сафуан ағамыз секретарь, Амантай ағамыз прозаның сарапшысы. Боқшамды қолтықтап Жазушылар Одағына келдім. ─ Бұл жерден сен түгілі, сенен үлкен бір ағаң да балшығын арқалап құр ауыз қайтқан, – деді Сафекең, – қазір Ғабиден Мұстафин келеді, көнсе қолқалап көрейін, бағың да, сорың да сол кісіге байланысты, жарайды десе жарадың, жарамайды десе… Қ.Ысқ. ~ «Жолдастарыңмен келіп қалған екенсің, құданың ауылынан құр ауыз қайту жараспайды» десеңіз, құлай кетеді. Мен, міне, бір қоржын арақ әкелдім, қирай мас болғанша ішсе де жетеді… Б.Тоғ.
