Posted in

ҚҰР АЯҚҚА БАТА ЖҮРМЕЙДІ

Жалаң сөзбен ештеңе шешілмейді д.м. мәтел. ~ Әй, Дидар, сен енді танауыңды көтеріп кет пе. Рақметің өзіңе… Жу… Құр аяққа бата жүрмейді деген,— деді Сапар менің ойымды бөліп. М.Сүн. ~ Бағасын берсін, тиісті гонорары төленеді. Құр аяққа бата жүре ме. Сөйтіп комиссиямен қабылдайық жұмысыңызды. Қ.Жиен. ~ — Рас, рас, Мәке! Оныңыз рас. Түбі тергеусіз дүние жоғы белгілі. Құр аяққа бата жүрмейді дегендей менен де дәметкеніңіз дұрыс, — жан– жағына алақтаған Тұрған жерде жатқан жейдені көтеріп, Мақанның иығына жапты. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *