Қарапайым адам емес д.м. ~ Түсіңді айтшы маған. Жорып берейін. Менің нағашы шешемнің “көріп келі” бар, айтқаны- айтқандай келетін әулие адам екен. Мен де құр жаяу емеспін. Т.Рыск. ~ Е, «Абайды» оқыпсың, менің лекциямды іздеп кеп тыңдап жүрсің, тегі құр жаяу болмассың дегенім ғой. З.Қаб. ~ Мына оңбаған қара перде жамылып Біздің тойды тәрк етпекке келіпті Тоқта, бәлем, біз де емеспіз құр жаяу, Сазаңды алмай шыға алмассын бұл үйден. Шексп.
