Құны жоқ жалаң сөз. ~ Жасында қорқытып үйренбеген бала өскенде ер болады. Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген құр сөз пайда бермейді. М.Жұмаб. ~ Газет жазып кенелткен боп біз жүрміз, Еңбек зая, есептесең бұл қалды. Жақын жерден елге тиер пайдаң жоқ, Алыстағы құр сөзіңнен не тамды?! Ж.Айм. ~ «Құр сөз, өлең-жыр бағыңды байлайды» деп ел-жұртым маған болыстықтың тоқымын жапты. Б.Тоғ. ~ «Қытайға барып, нотариус жасатып кел құжаттарды», – деді. Бір ауыз құр сөз үшін бір апта тұрғанына іші удай ашыды. Н.Абд.
