Сыйлықтан, олжадан үлес тимеді. ~ Содан бірер күн қонақ болған соң, Зілғаралар жүрер шақта Бидаш ана бидің жанындағыларға бір-бір шапан сыйлапты да, оның өзін құр қол қалдырыпты. А.Дас. ~ Ал, таң шапағы адамдарға əр жолы шексіз қуаныш əкеледі. Сол қуаныш қазанынан осы таңда сыбаға ала алмай, құр қол қалған жандар ертеңгі күнге үміт артады. Н.Кел.~ Хан енді бұл жорықта айырықша көзге түскендерге сияпат тартылатынын хабарлады. Аты аталғандар алтын тақтың алдына барып, жер тізерлеп тағзым етіп, орындарына кеп отырды. Батырлар мен сұлтандардың құр қол қалып жатқан ешқайсысы жоқ. Ә.Кек. ~ Жалтақтап отырған келіндеріне көзі түскен әжем, оларды да құр қол қалдырған жоқ. Б.Мом.
