Әлдебір жағдайдан хабарсыз. ~ Не де болса, олар келгенде маңайларына татарлар мен башқұрттарды жуытпай, құр құлақ отырған Ералы ханзада мен Қотыр батырдың құдайлары бір беріп қалады. Ә.Кек. ~ Қазір жал-жалдың басында айналаға елеңдеп отырған құр құлақ ауылдардың ауыздары жалпылдап айтпай жатқаны жоқ көрінеді. Көбі хан ауылынан құлақтары шалған азғантай естіміштерін көпіртіп айтып, патшаның елшісін Стамбулда оқу тауысқан ғұлама, Меккедегі байтоллаға барып, пайғамбарымның қара тасын сүйген қажы қып дабырлапты. Ә.Кек. ~ – Сен өйтіп көп былшылдама! Орыстың жәйінен біз де құр құлақ емеспіз. Ақ патшаның ондай мықтылығы бар екен, онда баяғы Дәулеткереймен бірге өлетін көп орысына неге құн сұрамайды? Ә.Кек. ~ Ауыл-ауылға аяқ ізін сала бастаған елшілік адамдары да сол мал төлдетудің абыр-сабырынан басқа ештеңе көрдік, ештеңе естідік демейді. Құр құлақ отырған елшіліктің біраздан бергі бойкүйез тіршілігін бұзғысы келгендей марттың жиырма тоғызы күні сонадай жерден улап-шулап бір қара-құраң өтті. Ә.Кек.
