Posted in

ҚҰТТЫ ОРНЫНА ҚОНДЫРДЫ

Қызын тұрмысқа берді, ұзатты. ~ Күйеу таңдайын деген ойың бар ма еді? Оның масқара екенін білмегенің ғой. Қыз ержеткен соң борыш болады. Әке-шешенің қарызы — ертеден құтты орнына қондыру. Балалық қылма, қарағым. М.Әу. ~ Сөйтіп, бүгін түнде көп жұртқа дабыра қылмай қызды құтты орнына қондырудың қамы басталган көрінеді. С.Мұр. ~ Қойшы, тәтемді ұзатып алыс Арқадан Ертіс белдеуіне апарып, құтты қонысына қондырып, екі жұма жүріп қайттық. Менің ең алғаш алыс жолға шыққан сапарым осылай аяқталды. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *