ҚҰТЫ КЕТТІ Берекеден айрылды, мазасы кетті. ~ Олардың артынан солбырайып, көң шалбары көтіне қатқан бала молда да жүрді. Аяғын баспай, неден құты кетіп барады? Ж.Айм. ~ Соны көріп, тым асыра сілтеп, тым артық кетіп қалғанын сезіп, абдырап құты кетіп, баланы көтерген қалпы, сасқанынан бір айтқан сөзін міңгірлеп қайта қайталап, Зәрипадан алыстай берді. Ш.Айт.
