Дәулет бітіп, берекеге кенелді; шаруасы түзелді. ~ Мамырбай ақсақал: «Бауырсақты үркітіп отырған сен бе?» дегендей жолдасына зілді көзімен бір қарап қойды. Бытырап жайылған тоқтыларға содан кейін азырақ құт қонайын деді. Ж.Айм. ~ Иранда сонау құт қонған, Байға ғана құт болған Бопты дейді Аббас хан. М.Жұмаб. ~ Есберген де, әкесі Есенбай да есігінен ырыс-дәулет арылмаған берекелі жандар еді. Қашаннан шаңырағына құт қонған киелі әулет. Ү.Жәл. ~ Бұл Айша көңілденгені сонша: маған, Құрмашқа, Батырханға сол базарлықтан уыстап-уыстап берді. Құдайымыз жарылқады. От басына құт қонды. Ш.Мұр.
