Малға да, адамға да жайлы болған, берекелі мекен, орын. ~ … баяғы Батыс Түрік қағандықы, кейінгі Көк Орданың ұйықты, құт қонысын бауырына басқан жаңа ұлыс – Қазақ Ордасының құрамына ежелгі есімі, дүрмекті тобымен қосылғанын көреміз. Ж.Шәк. ~ Өрт құшағында қалып бара жатқан ата мекен, құт қонысын қия алмай төгілген көз жасы Еділге құйылған нөсердей еді. М. Иманж. ~ Қарағандыны Қарағанды қылған – Майқұдық. Қарагөз қаланың алғаш қадасы қағылған осында. Одан ертеде Игілік бидің жаз жайлау, құт қонысы болған. С.Сағ.
