Ажалдан құтылмайсың; туу бар да, өлу бар д.м. * –Айғайлама! Заманым туды деп есіріп тұрсың ба көн төсеніп, көңге аунаған, құл-құтаным?! Заман, рас, сенікі! Асасың ба, атасың ба? «Өзекті жанға бір өлім!» К.Сег. * Рахман қолын тарақтап басының астына тастап, өзі тұратын үйден иісі мұсылман іздей бастады. «Өзекті жанға бір өлім, шайтан емеспіз ғой. Мұсылман болғанда кебіндеп, арулап қоятын, жөн-жосықтан хабары бар кім бар? Бір бөлме болғанмен бұл да үй ғой, бала-шағасы көп, үйі тар кім бар? Қ.Түм. * – Ез болуды пір тұтпа, шырағым. Темірді қызған кезде соқ. Өзекті жанға бір өлім деп елге тарт. Есің барда елің тап! А.Кемелб.
