Өзі көтерілген, бәрін өзі қол жеткізген. ~ Бәйбішесі сыбанның Жарасқұл деген атадан, Өзі болған жігіттен Сұрама кім деп ата – анаң. Ел тілегін тілеген Ер азбайды батадан. Дулат Баб. ~ Өзі болған жігіттің ата-тегін сұрама деген нақыл дұрыс болар. Біжікенге ұнамай жүрмесе, енді мен айналақтамауым керек. Ғ.Мүс. ~ Өзі болған қыз төркінін танымайды. М.-М.
