Өз бетімен, өз еркімен. ~ Жігіттердің көзі жайнап кетті. Айтса да алты күннен бері тор, тұзақ түк ілмей, көзі көкшиіп отырғанда өз аяғынан қораға кіріп жатқан қыруар киіктің мүйізін сатып шаш-етектен пайданың астына қалса несі кетеді? Ә.Нұрп. ~ Баяғыдан бері мына даладағы талай жұрт «ол қайтер екен» деп жалтақтап қарап отырған бір адамы Батыр орыс елшісіне өз аяғынан барып ант беріпті деген хабар тек Кіші жүзге ғана емес, күллі қазаққа тарап кетеді. Ә.Кек.
