Өлімнен қорықпады, тәуекелге барды. ~ Дұшпаннан көрген қорлықтан Жалынды жүрек қан қайнап. Елді-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап! Ақтамберді жырау. ~ Өлімге бас тіккен азаматқа беттей алмай тобыр состиып тұрып қалған еді. С.Әбік. ~ Өлімге бас тіккен ақиықтар оқ бораса, кез келген шұңғыл- шұқырға бастарын тығып жата- жата қалады, сәл толастаса, жыра- жылға бойлай жүгіре жөнеледі. З.Қаб. ~ Аңду оңай. Андып жатып қағып тастауға болады. Андып жатқан жауды бас салу өлімге бас тіккенмен бірдей. Қ.Ысқ.
ӨЛІМГЕ БАСЫН (БЕЛ) БАЙЛАДЫ
Басын қатерге тігіп, тәуекелге барды. ~ Уәзірі айтып салды гүл-гүл жайнап, Өтірік болса, өлімге басын байлап. Әке менен шешеде ісі бар ма, Жалғыз ұл жүрген екен асық ойнап. “Қисса- и Қарабек” ~ Бораған қар астында бар дүниеден баз кешіп, өлімге басын байлап жатқан дозақы қатынды жалғыз тастап кете алмай, қасында айналсоқтап аяғын сылтып басып жүр екен: шытыр-шытыр, пышыр-пышыр … Ә.Нұрп. ~ Енді ештеңе де болмайды. Өлімге бел байлаған адамға ең қауіптісі алғашқы сағаттар ғой, ол артта калды. Үрейленбе. С.Досан.
