Posted in

ӨЛІМІН САТТЫ

Әлдебір іске өзеурей кірісті, жанын салды. ~ Олардың көк желкесіндегі жоңғар қонтайшысының мұндай қазыналы өлкеге өлімін сатары, әрине, түсінікті.Ә.Кек. ~ Бірақ, бір еліріп алса, шамалыда сабасына түсе қоятын жылқы хайуан ба? Жолындағының бәрін кимелеп, өлімін сатып, өңмеңдей түседі.  Ә.Кек. ~ Біреу ағаш тостағанға толтырып ап бірдеңені әкеп ауызына тосады. Бұл өлімін сатып, қылқ-қылқ сіміре бастайды. Ә.Кек. ~ Қалай күйінбесін?! Осы алақандай ауылда еркек кіндіктің арақ дегенде өлімін сатпайтыны жоқ. Осы «сайтанның сідігінде» бейне әкелерінің құны қалғандай. С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *