Posted in

ӨРГЕ БАСТЫ (БАСПАДЫ)

ӨРГЕ БАСТЫ

Алға жылжыды, көтерілді, жақсарды.~ Шат болсаң, шаттықтың да кілтін ашар, Өлген үміт тіріліп, өрге басар. М.-Ж.Көп. ~ Колхозды бас агроном басқарғалы күллі шаруашылық оңдалып, өрге басып жүре берді, тамағымыз тойынып, көйлегіміз бүтінделіп келеді деп соға бер. О.Сәрс. ~ Бұл келгелі ауданда күрес өрге басты. Білекті жігіттер суырылып шыға бастаған. Ө.Кәр.

Алға жылжымады; оң нәтиже болмады. * — Ол өмір шөл еді. Сол құрдымнан шығып өрге басып ек, екі еңбекші баласы. Асқар аспақ едік… Аяқтан алады, кешегі кедергі…  М.Әу. * Бiрақ, әлi де болса колхоз жұмысы ойдағыдай өрге баспай отыр. Т.Сәу. * Аузын әр ашқаны мен аяғын әр басқаны есепте сияқты. Сол мінезінен де өрге баспай жүрген түрі бар. Ә.Кек. * Бауырмалдық жоқ жерде ағайынның ауызы, әрине, ала болады. Ауызы ала елдің талабы өрге басатын ба еді?! Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *