Posted in

ӨР МІНЕЗ

Тәкаппар, паң. ~ Жауһаз барып жолығып еді, соқталдай тіп-тік жүретін өр мінез жігіт, сұп-сұр боп, көзі шүңірейіп, белі бүгіліп қалыпты. Ә.Тар. ~ Үлкен – кішінің алдында кілең кішіпейіл, елгезек, жуас Тәліптің өлім алдында мынандай өр мінез, өжеттік көрсетуіне қайран қалдық. М.Кәр. ~ Сол жайды Абдоллаға тап осы жолы да неше қайта тапсырып жіберіп, бұның жолын екі көзі төрт бола күтіп отырған өр мінез, жуан ауыл бар. Ж. Ахм. ~ Қаденге тап берген қылығы тіпті адуын. Оның бір өзінің бойына соншама күйрегіш сезіммен қалт етіп қайта лап берер өр мінез, өжет күш қатар ұялапты. С.Ғабб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *