Тым қатты кетті, тұрпайылыққа барды. * … үйдің сыртына шығып, әке- шешемді, өткен күндерімді ойлап мұңайып отырсам, жалғыз Айғаным ғана жүгіріп келіп: — Көпеш! . . Неге бүйтіп отырсың? Біздің ағам тіпті өрескел кетеді… әлде молланың манағы ұрғанына жылап отырсың ба?. . Ағамдар үйде жоқ. Жүр ендеше, сабадан қымыз құйып ішейік,— дейтін еді. М.Дәулетб. * Мұның өзі біздің үкіметіміздің 1992 жылғы 28-қыркүйекте қабылдаған № 791 қаулысы мен … Шет елдердегі отандастар туралы жарлықтарын орындамай, Коржова өз бетінше бұйрық шығарып, өрескел кетті деген сөз. Ш.Мұрт. * Қай ақымақ мұндай заң шығарып жүрген? Немене, мен аккумуляторды өзімнің артыма қояды деймісің, – деп Дерягин тұрпайы сөйлеп, өрескел кетті. С.Жүн.
