Posted in

ӨРЕСІ ҚЫСҚА (АЗ)

Білімі, оқыған-тоқығаны кем. ~ Ақылы жеткені тап басып, тауып айтады, ойы шолақ, өресі қысқалары шідерлеген аттай секектеп, ауыл іргесінен ұзап шығып кете алмаса, оларға не кінә бар?  С.Ом. ~ Зорлық-зомбылық пен қастандықты бірінші орынға қойған өнер мен әдебиеттің өрісі тар, өресі қысқа. С.См. ~ Ішінен «өресі азға өкпе жоқ» деп өзін көндірді де, қымбатын қоса қиып, томсарып қалды. Ж.Ахм.

ӨРЕСІ ТАР

Қара басының қамынан әріні ойлай алмайтын ақыл-ойы, білімі, төмен адам туралы.~ Қарсы алдымда мүлдем басқа Анар. Мен білетін әпкем қайда? Менің адал ниетімді түсінер емес. Соншалықты өресі тар, көкбеттігі жоқ еді ғой. Қ.Тіл. ~ Ондай жанға бақыт тілей алмасам ендеше өресі тар парықсыз біреу болғаным.  АҚ  “Таразы өмір”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *