Өтірік-шыны белгісіз бос әңгіме ілезде тарап кетті. ~ Соңғы күндерде неше түрлі алып қашқан өсек жайылды. «Солдат алуды шығарған патша емес, бергі жердегі ұлықтар екен. Тегі елді бөріктіріп мал табу үшін істеп жүрсе керек. Болыстардың да ымы-жымы бірігіпті-міс. Ж.Айм. ~ Денесі ауырлап, серуендеуді доғарғанда, «Балтамберге арқасын сипатады екен» деген, «Балтамбер шомылдырады екен» деген өсек жайылады. С.Мұқ. ~ Кеше Жиенбай басқармаға арыз әкеліп берді: “Артельден шығамын”— дейді. Неге шығатын себебін өзі айтпап еді, қатындар арқылы есіттім, бір өсек тарапты: “Артель мүшесінің бәрі еріксіз коммуниске жазылады, қыз-қатындар ортаға түседі” депті. Б.Май.
