Жала сөз, өсек әңгіме таратты. ~ Татуға өсек жүргізіп, Бәленің отын өргізіп, Қайран заман, аман бол, Ер шөгіп, есер ержетті. М.-Ж.Көп. ~ Дәуіт неғып отыр?! Дәуіт ауыл ішіне не түрлі өсек жүргізіп, артельді елге құбыжық қылып көрсетіп, артель мүшелерінің ішіне іріткі салып отыр. Б.Май.~ Ауыл иесі Қойгелді орта дәулетті момын адам болатын. «Әлде-кімдер жала жауып, өсек жүргізіп пәле салды ма?» деп те ойланады. С.Бег.
