Жұтып жіберді, жалмады. ~ Жегізгені былай тұрсын, басшысымақтардың өңешінен өтіп кеткен талай-талай майлы құйрықтарды қайта құстырып…Қ.Ыс. ~ Ал, Самарқант, Бұқар, Қоқан әміршілеріне ақыл кіріп, бұған келіп қосылғанша, қазақ даласы айдаһардың өңешінен өтіп кетпесіне кім кепіл? І.Ес. ~ Бармақ басты, көз қыстымен тәуірлердің өңешінен өтіп кететін жал-жая, қазы-қарта, ақ май, қызыл ет бас зоотехниктің берекелі қолынан шығады. Ол есірмей, кім есірсін! Ө.Кәр.
ӨҢЕШІНЕН ӨТПЕДІ
Жей алмады, батпады. ~ Кешкі тамақ Робертке батпады. Қанша сыр бермеуге тырысса да, өңешінен өтпей қойды. «Ауырып отырмын» деп сылтауратты даяшы қызға. Т.Әб.
