Жүзінен әлдебір қайғының табы, әлденеге қапалы екені байқалады. ~ – Қамардың бір жері ауыра ма, өңі сынық қой? – деп сұрады. C.Мұр. ~ Осы сен шын Райханбысың? Өзің мүлдем өзгеріп кетіпсің ғой. Самайыңа ақ кіріпті. Өңің сынық. С.Жүн. ~ Саттардың көзі бір сәт қалтарыстан шығып состиып қарап тұрған кішкене сары балаға түсті. Бала реңі тым сынық. М.Сүн. ~ Әдемі мектепке қарай жедел адымдап келе жатып Ханзада қаладан оралған күнгі кешті есіне түсірді. …Жүзі сынық. Н.Сер.
