Жүзі солғын тартты, қоңырқай түске енді. ~ Құдықтың ішіне үңілсең, басың айналады – саңылауы жоқ қара түнек. Еңсеп ыссыдан өңін жоғалтып алған күлгін аспанға қарады; сосын құдықтың ішіне аяғын салбыратып сыз қабырғадан тесіп жасаған теппеге башпайын тіреді. Ә.Кек. ~ Ұясына енген күннің қан қызыл, сарғыш, күреңіткен, алуан түрлі шапағы да ала–құла, олар да біртіндеп кіршең тартып, өңін жоғалтып барады. А.См.
