Posted in

ӨҢІН ЖЫЛЫТТЫ  (ЖҰМСАРТТЫ)

Қабағын жазып, жылы шыраймен қарады. ~ Ыңғайлы адамың болса айта отырсайшы, — деді ол өңін жылытып. — Мүмкін біреуін ұнатып қалармын. Қ.Жұм. ~ Қазақты “жабайы, көшпенділер” деп түсінетін ұлық өңін жылытып, Таңжарыққа таңдана қарап, бір сәт тесірейіп отырып қалды да, жарқылдай тіл қатты. Т.Рыск. ~ Қиястай тартып қиғаштай кетіп бара жатса, қаруға жүгінуге де тура келер… Өзі өңін жылытқанмен қасындағылар өңін жылытпауы керек. Ә.Кек. ~  Екеуміздің де илейтініміз бір терінің пұшпағы болғасын әдейі осылай істедім. Маған өңін жылытқан адам, ақ патшаға да өңін жылытқан адам. Аз-мұз сияпаны сіз таратқаныңыз не, мен таратқаным не? Ә.Кек. ~ Осы күңгірт мұнар әлі де құлпыра қоймай, бүрін жаңа аша бастаған гүлдей қатқылдау қыз өңін жұмсартып, үлкен қара көзін айқындай түседі. Т.Ахт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *