Беті қудай боп ағарды, жүзінің қан-сөлі кетіп, көңілі бұзылды; түрден түр қалмады. ~ Жоқ, балақай, ол бұл дүниеден өтіп кетті… Ойпырмай! Мынау сөзді есітк енде қанжармен өңменімнен салып жібергендей болды. Өң жоқ, түс жоқ сазарып қалыппын. С.Ғабб. ~ Бір күні Оралбек пен Кеңесбектің өң жоқ, түс жоқ зәрелері ұшып келгені әлі есінде. Б.Нұрж. ~ Жігіт жылап болып бір ақырып қалып еді, бір есіктен өңкей қара киген бір келкі жігіт кіріп, бәрі де төмен қараған күйі, өң жоқ, түс жоқ айнала отырысты. ҚЕ. “Төрт дәруіш”. * Босағада мойны салбырап Әзімхан тұр. Өң жоқ, түс жоқ. Не келген кісілерімен аманы жоқ, құдды тілі байланып қалғандай. Д.Әшім. * Шеге тілден айрылған адамдай. Өң жоқ, түс жоқ… С.Ел. ~ Он бес күннен соң елшісі өң жоқ, түс жоқ, сары ала шатырдың есігінен аттар-аттамаста, шарт жүгініп отыра кетті. Жаушысының өңін көріп, таңғұттың жасыл шапандыларының жауабы оң болмағанын түсіне қойды. Ә.Кек. ~ Екі атты топтан бөлініп, тұра шауып, тау жаққа жөнеле берді. Көп ұзамай, Түгел мен Қабылды алдарына салып, айдап қайтты. Қаруларын жинап алыпты. Өздерінде өң жоқ,түс жоқ, құлақтары салбырап, сосы кетіп қалыпты. Ү.Жәл.
