Бойын үрей билеп, қобалжып, кейпі бұзылды, құп-қу болды. ~ Соңғы кездері, “әлігі оқиғадан” (Ғалия бастан кешкен қайғылы жағдайды бұл өзінше солай атайтын) кейін күрт төмендеп, өң-түсі бұзылып кеткен жұбайы Сағат пен Сәнияның үйлену тойлары “аман-есен” өткен соң, қайтадан көтеріліп, көздеріне қайтадан от ұялай бастаған еді. Ә.Тар. ~ Тіпті, төсек тартып ауырып жатқанның өзінде, өң-түсің қашып, көздерің шүңірейіп, дене-тұрқыңның шөкімдей болып шөгіп кеткендегі қалпыңның өзі маған қуат беріп, бойыма ерекше бір күш қосушы еді. АҚ “Әкем болса…”
