Қатты қобалжып, аппақ қудай болып, абдырап тұр. * “Шынымен бір оқ атпай-ақ өткені ме?” деп, Хансұлу тізгінді қысып қарысып қалған уысын әрең жазып, төңірегіне қарады. Жұртта өң-түс жоқ. Есеңгірегендей қалыпта. С.Елу. * Тап, намаздағыдай болып өзі қолын да құлшынып алыпты. Өң-түс жоқ, әппақ қудай. Ж.Ахм. * Шалқар келді. Өң-түс жоқ, қалтырап тұр. Дүйсенбайдың хал үстінде жатқанын айтты. З.Шүк. ~ Дәуіңде өң-түс жоқ, сілтіге малып алған сүйектей боп-боз. Көзі бақырайып, ерні дір-дір етеді. Т.Сәу.
