ОМА ҚАПСЫН
Қарғыс. ~ Ой мен қырға сенiң өз айдын, абыройың да аз жайылмас. Ырғызбайдың өзге көп тоғышары саған өкпелемесе, ома қапсын. М.Әу. ~ Бұған бет бұрар болсам, екеуiңдi ертпей-ақ, Тәкежанды таңдасам болмас па едi? Сендер “Керей-найман әдiлет таппай, әрекет тапса, өлмесе ома қапсын” десең, мен оларды елiм деймiн. М.Әу. ~ Бұл кімнің қолында қалады, оған кім қарайды дегенді, тіпті Қамысбаев тыңдағысы келмеді. Өлмесе ома қапсын дейді. Ең болмаса шал бір үлкен қылмыс істеген, қоғамға қауіпті адам болса екен. Б.Қыд.
