| САБЫРДЫҢ СУЫН СЕПТІ |
| Өрекпіген көңілін басты, сабырға шақырды. * Теңгебайдың бір жыны: «Тап қазір көзінше лақтыр» деді, біраз ысынып- суынып тұрды да қайта басылды, «нем кетті, оқталып тұр¬ғанда бітіріп тастайын» деген оймен үндемей аяқ астынан ұстай салатын қырсығына сабырдың суын сеуіп буынып, бірақ ләм-мим деместен бұрылып жүре берген. М.Қан. * Мұндай да қызық сезім болады-ау, аса езіліп сүйсінген жоқ, секемі мол қасаңдау оймен қозданған сезіміне сап-сап тілеп, сабырдың суын септі. О.Бөк. * Өзіне өзі сабырдың суын сеуіп, көрпе-жасты¬ғын орап құшақтап алып, жолай сыбаған күйі тәнтіректеп арғы бөл¬меге кетті. «Білгенін істесін әбден». М.Қан. ~ Сақалын қырып жатып, қолдарының дiрiлдегенiн анық байқады. «Сонша беймаздана бермейiншi. Өне-бойым қалтырайтындай жағдай емес қой бұл». Осындай алдамшы оймен сабасына түсуi үшiн дегбiрiне сабыр суын себуге тырысты. Ә.Ыб. ~ Доғдырдың әдейi бұлардың қашқан құтына сабыр суын себейiн дегенi ме, алғашқы ләмiн осылай бастады. Ә.Ыб. ~ Жанын қоярға жер таппай қарадай булығып барады. Әйткенмен амал қанша, қазiр өлiп кетсе де бұдан басқа қайласының жоқтығын бiлiп қана, шыдамына сабыр суын септi. Ә.Ыб. |
