| САБЫРЫ КЕТТІ |
| Тағатсыздана бастады. ~ Алғашқы сабақтың бірінші үзілісі жақындаған сайын Бағиланың тынысы тарылып, сабыры кете бастады. Д.Ис. ~ Анасының сабыры мүлдем кетіп, одан әрі үрейленгендей. Молдаға жасқаншақтай қарап, бұны ұшықтап жіберуін өтініп еді-ау сонда, қайран анасы. Ш.Бейс. |
