| САБЫРЫН (САБЫРҒА) ШАҚЫРДЫ |
| Ашуға бой бермеуге, жөнсіз жағдайларға бармауға үндеді. ~ Сыр бермеуге тырысып, сабырын шақырғанда, көзімен аймалап, әлі құмарта қарап тұрған Тазабекті көрді. Б.Нұрж. ~ Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс ушығып барады: Иран мен Сауд Арабиясы сабырға шақырды. БАҚ. ~ Талғарда болған өрт оқиғасы елді дүр сілкіндірген еді. Нұрымов бұл мәселені заң аясында шешетінін айтып, елді сабырға шақырды. БАҚ. |
