| САБЫРЫН ЖОҒАЛТПАДЫ |
| Шыдамынан айрылмады. ~ Бірдеңе айтқысы келетіні, қиналып тұрғаны қипақтаған түрінен байқалды. Осыны сезсе де Иса сабырын жоғалтпай: — Танығанда қандай! – деді желпіне сөйлеп. А. Жақс. ~ Ермұқан әз сабырын жоғалтпаған, Жақтастар қолдауымен қанаттанған. Тұрғызған қара дауыл қарсыластар Табанды тойтарыс пен жауап та алған. Қ.Аман. |
