| САБЫРЫН ҚАШЫРДЫ |
| Мазасын кетірді, төзімін тауысты. ~ Кешеден бері соңына ерген қалың қолдан қара үзіп, «хан қорғаны» ықшам жасақпен ілгерілеп алған. Кеудесіндегі атойлаған намыс оты тызақтатып, сабырын қашырды. Ә.Ыб. ~ Аралдың ертеңі қалай болады? Ұрпағымыз не істейді, қайтіп күн көреміз? деген сауалдар халықтың сабырын қашырды. О.Жолд. ~ Одан кейін «Тараз» сапындағы легионер Мирослав Лечич те ара тұра қарсыластардың қақпасына соққы бағыттап, Сидельниковтың сабырын қашырды. БАҚ. ~ Құдды мұндай наразылықты күнде көріп еті үйреніп кетткендей болған басшының тек тілшілердің аты- жөнін айтуын өтінген сауалы ғана сабырын қашырды. БАҚ. |
