Posted in

АЛДЫН КӨРДІ

Әлдебір мұқтажбен біреудің алдына барды; қабылдауында болды; тәлім-тәрбиесін көрді. ~ «Ұлтшылдықпен уланғансың»
деп сүйрелемеген мекемесі қалмады. Тіпті КГБның да алдын көрдім…О.Бөк. ~ Менің әңгімемді тыңдағанда райком қатты
ренжіп еді. Жоқ қылды, әйтеуір… Асылжанның намысын қорғаймын деп бұл әпкелерің сөйтіп райкомнің де алдын көрген…
Ойнамаңдар менімен… К.Қаз. ~ Өз басым Одақта 24 жыл үздіксіз қызмет істегенде Ғабеңнің, Ғабекеңнің, Әнекеңнің,
Жұбахаңның, Олжастың, Қалдарбектің алдын көрдім. Солардың ішінде ешуақытта дауыс көтермейтін, бірде-бір қызметкерге
ауыр сөз айтып, сыртынан болса да ғайбат жасамайтын Әнекең болатын. Қ.Ысқ. ~ Жағрапия, есеп сабақтарынан хабары
бар, орысша да тіл сындырған ол Сыр бойынан, Арыс жағасынан, Мырзашөл жақтан келген, ауыл молдаларының ғана
алдын көрген жастарға қарағанда білімі оқ бойы ілгері-тұғын. Б.Тоғ. ~ Ағалардан алған сол несие күні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *