Көктемнің алғашқы апталарында соғатын жылы желдің атауы. ~ Қырдың үстіндегі жасыл шатырлы қос қабат үйдің
орналасқан жері биік болған соң ба алтын күрек алдымен сонда соғатын. Көктемінің осы бір жылы лебі осы үйдің қарын
алдымен ерітетін. С.Досж. ~ Көбінесе ымырт жабыла, батыстан жылы самал еседі. Ол қалың қарды түнімен кеміріп, таң
атқанша тып-типыл қылады. (Біз, бұл жылы самалды — «алтын күрек»,— деп атаймыз). Т. Бер. ~ Лекіл де лекілбай алтын
күрек сыпырта соғып тұр… М.Қаб. ~ «Алтын күрек» – жел аты «Жүрек» таудан соғатын, Ырыс – дейді – қанатын Дән сорғалап
таматын. «Қызыл қырман үстінде Алтын күрек ескенде, Қалмас елдің ішінде Ризықсыз еш пенде! Ғ.Қай.
