Жаман ниет, жымысқы ой. ~ Ақ патшаның бұл арам пиғылына көнгісі келмегендіктен қазақ елінің әр түпкірінде бас көтерулер, қақтығыс-ұрыстар бой көрсете бастады. Ж.Баб. ~ Кім біледі, «әйелінің жылын өткізбей, мынау да жанына бір шүйкебасты жан торсық етіп байлап үлгірген екен!» деп жатқандар да бар шығар. Бірақ менің ойымда Бәтимаға деген арам пиғыл жоқ. І.Ес. ~ Мұндай жайды білудің қанша қиындығы бар? Жаман арба шиқылдақ келеді, ал жаман пиғыл өзінен-өзі хабар беріп тұрады. І.Ес.
