Бейғам, жайбарақат, алаңсыз күйге түсті; байыпты күн кешті. ~ Үлкен шаһардың ың-жыңға толы асығыс өмірі жүйкесін әбден жұқартып тастаған ба, әйтеуір ел ортасына жеткелі бері арқасын кеңге салып, пейілді жүр. О.Сәр. ~ Айналадағы дүмпуден сескенсем де күдiктенбедiм. Арқамды кеңге салдым. Қылша мойныма қыл тұзақ түскенше сенгем жоқ. Т.Сәу. ~ Матеннің мейманасы тасып, арқасын кеңге салғаны сонша, әлгі сөзге титтей де ашуланбады. Қ.Жұм. ~ Атам да «оқу қайда қашады, барасың әлі» дегендей, арқаны кеңге салып асықтырмады. Ә.Асқ. ~ Алдарында – көшпелі елдің арқасын кеңге салып сайрандайтын ұзын сонар жаз. Тойлы, ойын-күлкілі, әсем айлы түңді, ыстық сезімге толы думанды, қызық жаз. С.Елу. ~ «Ұшарым аман болса, аштан өле қоймаспын» деп, арқасын кеңге салатын. Т.Сәу.
