Сұсты, қаһарлы, ер жүрек. ~ Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін! М.Жұм. ~ … Ер Едіге айтқандай, кім баласын үлде мен бүлдеге орайын демейді? Кім баласының арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Аплотондай ақылды, Жиреншедей нақылды болғанын сақалының ағында, өлерінің шағында үйде ырыс, түзде epic болғанын тілемейді? Ж.Айм. ~ Есімді жиғанша болмады, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты бір жас батыр жалаңдап келіп, ел-жұртыма бүйідей тиді. Қаламды шаңға көміп, қақпамды қ^нға малды. Басымнан тәжімді, бауырымнан жарымды тартып алды. А.Сей.
