Мәймөңкелемей, турасын айтып салды. ~ Жалтаруға енді дәрмен жоқ. Қалайда «Қорланды» сүйемелдеуге дайындалу керек. Сабақтан келісімен мандолині — қолында, сарнатады да отырады. Өзгеден дайындықты тез бітіреді де, ермек қылатыны — осы. Асыр-түсір сөйлейтін Әбітай бір күні: — Сен осы ғашық болғаннан саумысың? Тым сарнауық болып кеттің, — деді. — Байқа, оқуды тастап, үйленіп кетіп жүрме. К.Қаз.
