Posted in

АТҚА ЖЕҢІЛ ТЕЛПЕКБАЙ

Тіл алғыш, елпек. ~ Күн кешкіріп бара жатқан соң, қойшы мен түйеші әңгімеде жүріп атқа жеңіл телпекбай тауып алмас па: «Сен барып айдап келе ғой!» деп, Торшолақпен Қойтекені жіберді. Ж.Айм. ~ Өзім араласпай-ақ, басқаның қолымен көсейтін от емес пе бұл? Бұл істе қолы көсеу болар кім бар? Атқа жеңіл телпекбай кім?” Ә.Тар. ~ Көз ашқалы бері, көз ашқалы емес-ау, қалам ұстағалы бері сыншы әулеті мұның соңында. Атқа жеңіл телпекбай санап, аузы қышығанның бәрі соңына жарық алып түседі. Д.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *